Қазақстандық боксшы Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі келесі айқасы туралы мәлімдеді.

JANA-Qazaqstan. Ол 4 маусым күні Лас-Вегаста өтетін UFC 275 турнирінің аясында америкалық Джефф Молинамен айқасады.

Өзінің инстаграмында «Жако» бесінші жекпе-жегінің афишасын жариялап, оның астына «Келесі айқасымның датасы белгілі болды. 4 маусым күні Джефф Молинамен айқасамын» деген жазба қалдырды.

Еске сала кетейік, Жұмағұловтың Молинамен айқасы UFC октагонына бесінші рет шығуы болмақ. Өткен айқастарында қазақстандық үш рет жеңіліп, бір рет жеңіске жеткен.