Отандық бизнеске қойылатын талаптардың 40 пайызы жаңа тәсілдерге сай келмейді.

JANA-Qazaqstan. Үкімет басшысы  Әлихан Смайыловтың айтуынша, саланы реттеу туралы жаңа заң кәсіпкерлердің әкімшілік жүктемесін біршама азайтуы керек. Министрлер кабинеті бизнеске қойылатын міндетті талаптар реестрін әзірлемек. Ол келесі жылы іске қосылады. Өзгерістер енгізілгенде  кәсіпкерлерді тексеру мен айыппұл көлемі 2 есеге азаяды. Ол үшін автоматтандырылған бақылау кестесі құрылады. Сондай-ақ алдағы уақытта тексерістен гөрі заңды бұзудың алдын алу шараларына басымдық беріледі.