Елордаға Астана атауы қайта беріле ме?

JANA-Qazaqstan. Қазақстандықтардың басым бөлігін мазалайтын сұраққа мәжіліс спикері Ерлан Қошанов жауап берді.

«Мұндай сұрақ күн тәртібінде жоқ», – деп мәлімдеді Қошанов журналистерге.

Ол мұндай мәселені депутаттардың көтермейтінін ашық айтты.

Айта кетейік, Қазақстан астанасының атауы Нұр-Сұлтан болып 2019 жылы өзгертілді. Еліміздің бірінші президенті сол жылдың наурыз айында өкілеттілігін тоқтатты. Астана атауын өзгерту туралы ұсынысты Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын.