Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина тарапының бастамасы бойынша Президент Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

JANA-Qazaqstan. Берік Уәлидің айтуынша, толық ақпарат кейінірек беріледі.

Еске салайық, бүгін Қ.Тоқаев сондай-ақ, Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен болатын. Мемлекеттер басшылары екі елдің экономикалық жағдайы мен сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі мәселелерді талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі ахуалға қатысты келіссөздер барысында ортақ келісімге қол жеткізудің аса маңызды екенін атап өтті.