Өскемен қаласында қоқысты сұрыптау зауытын іске қосу жұмысы жүріп жатыр.
JANA-Qazaqstan. «Құрылыстың 80 пайызы аяқталды. Сондай-ақ қала сыртында қатты тұрмыстық қалдықтар сақтайтын жаңа полигонды жайластыру жобасы да іске асырылады. Бұл полигон тұрғын аймақтардан жырақта болып қана қоймай, бұрынғыға қарағанда әлдеқайда экологиялық таза болады», – дейді шаһар басшысы Жақсылық Омар.
Оның айтуынша, құрылыс аяқталғаннан кейін шамамен 2024 жылы Шмелев Лог кенті маңындағы ескі қоқыс орны жабылып, аумақ қалпына келтіріледі.