Қаржы министрінің «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» 2022 жылғы 22 ақпандағы бұйрығына өзгерістер енгізіледі.

JANA-Qazaqstan. Оған сәйкес, темекі бағасы тағы өседі. Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Фильтрлі, фильтрсіз сигареттер, папиростар, сигариллалар және қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың ең төмен бөлшек сауда бағасы:

2022 жылғы 1 сәуірден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін – 590 теңге;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 630 теңге болып белгіленеді.

Қоғамдық талқылау 18 наурызға дейін созылады.

Бұған дейін фильтрлі, фильтрсіз 20 темекі мен папиростардың ең төмен бағасы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейін 550 теңге болатыны хабарланған еді.