Жамбыл облысындағы «Андас батыр» шекара бөлімшесінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші жоғалып кетті.
JANA-Qazaqstan. «ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 2022 жылдың 2 наурызында жоғалып кеткен «Андас батыр» шекара бөлімшесінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердишевті іздеп жатыр», – делінген хабарламада.
Іздеуге Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметінің департаменті мен Полиция департаментінің күштері қатыстырылды.
Осы дерек бойынша тергеу іс-қимылдары мен қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
ҰҚК өкілдері Ұлықбек Бердишевке қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіздер, мына телефон номерлері арқылы – 110 (ҰҚК сенім телефоны), 87172719458 (Шекара қызметінің сенім телефоны) хабарлауды сұрады.