Еліміздің бірнеше өңірінде синтетикалық есірткі арнасының жолы кесілді – ҰҚК

JANA-Qazaqstan. Комитеттің мәліметінше, 23 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері Ақтөбе қаласының екі  азаматын интернет арқылы психотроптық заттарды өткізді деген күдікпен ұстады.

Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 1,7 кг-дан артық «мефедрон» және «α-PVP» психотроптық заттары алынды.