«Аманат» партиясының депутаты Аманжол Әлтай Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына кірді

JANA-Qazaqstan. «Құрметті әріптестер, қатарымыз жаңа депутатпен толықты. «Аманат» партиясының тізімі бойынша Аманжол Әлтай Мәжіліс депутаты болып тіркелген», – деді Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов.

Ол Әлтайды ант қабылдауға шақырып, кейін депутаттардан оның комитет құрамына кіруіне дауыс берулерін сұрады.

«Келіп түскен өтінішке байланысты Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне депутат Аманжол Әлтайды сайлауды сұраймын. Аманжол Дүйсенбайұлы – қазақстандық филолог, ақын-импровизатор, айтыс шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сондай-ақ, ұстаздық тәжірибесі мол, рухани-мәдени құндылықтарды, ұлттық өнерді насихаттауға, гуманитарлық ғылым мен білімді дамытуға зор үлес қосты», – деді Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Жәмиля Нұрманбетова.

Депутаттар бұл бастаманы қолдап дауыс берді.