Алматыда жалған авиабилеттерді сатып келген әйел ұсталды
JANA-Qazaqstan. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 36 жастағы әйел қылмыстық іс-әрекетпен 2020 жылдың қаңтар айынан бастап айналысқан.
Оның соңғы әрекеттерін полиция 2021 жылдың қазан айында тіркеген.
«Тергеу барысында күдікті өзін туристік компаниялардың бірінің қызметкері ретінде таныстырғаны анықталды. Ол клиенттердің сенгіштігін пайдаланып, олардан ұшақ билетінің құнын алған және сатып алғанын растайтын жалған билет берген.
Алайда іс жүзінде мәміле жалған болып шықты және ешкім жолаушыға нақты билеттерді ұсынбады. Клиент мұны жөнелту күні тіркеу орнында өзі көрсеткен рейстің жолаушылар тізімінде жоқ екенін білген кезде ғана түсінген. Жәбірленушілерден барлығы 12 арыз келіп түсті», – деді Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Қасымбаев.
Аталған қылмыстық істердің барлығы ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы (Алаяқтық) бойынша тергеліп жатқан бір өндіріске біріктірілген.
Күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.