2025 жылға дейін 2 миллион жаңа жұмыс орны құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты.

JANA-Qazaqstan. Халық табысын арттыру жөніндегі 2025 жылға дейінгі бағдарлама аясында Еңбек министрлігі жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек ресурстарының дағдыларын жетілдіру және жастарды кәсіптік бағдарлау бойынша 3 негізгі бағытта жұмыстар жүргізетін болады», – деді ол.

Министрдің айтуынша, Еңбек министрлігінің қатысуымен . барлығы 33 іс-шара қарастырылған. Оның 16-сы тікелей министрлікпен жүзеге асырылады.

«Бұл іс-шаралар күнкөріс деңгейінен төмен табыс табатын халықтың үлесін азайту, жұмыссыздық көлемін төмендету, 2025 жылға дейін 2 миллиондай жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді», – деді Серік Шәпкенов.