Желіде 1 наурыздан бастап Ресей туының жаңа нұсқасы тарала бастады. Тудың түсі туралы жаңа ұсыныс 28 ақпан күні айтылды.
JANA-Qazaqstan. Twitter соғысқа қарсы қозғалыстың символы ретінде жаңа Ресей туын ойлап тапты. Ол ақ, көк (көгілдір) және ақ жолақтардан тұрады. Туда «қан қызылы» жоқ,бұл нұсқа қазір өңірлердегі митингілерде қолданылуда.
Twitter желісінде пайда болған жаңа рәміз бүкіл қоғамның назарын аударды.
Instagram желісінде жаңа жалаудың суретін қойып #netboyne деп ұрандатушылар көбеюде.
Тудың авторы ешкімге ештеңе міндеттемейді, ешқандай әрекетке де шақырмайды, тек осы ғылыми тақырыпты тарихтағы Ресей дамуының бір бөлігі деп қарастырады.
Кейбірі жаңа туды Ресейлік демократияның тірегі ретінде қабылдады. Сондай-ақ, халық қарсылығының туы ретінде де ұсынылды.
Мұны көрген адамдар «Ту керемет! Бұл көрші Польшаның, Финляндяның және жаңа Беларусьтің екі түсті жалауларымен тамаша үйлеседі», – деп пікір білдіруде.
2 наурыз күні Тбилиси халқы осы тумен алғаш наразылық білдірді.
Twitter желісінде Ресей федерациясының жаңа туымен бейбітшілік үшін және кез келген зорлық-зомбылыққа, соғысқа қарсы митингтің суреттері пайда болды.