Қазақстандық Air Astana әуе тасымалдаушысы Ресейге рейстер толығымен тоқтатылғанын мәлімдеді.

JANA-Qazaqstan. Екі күн бұрын әуе компаниясы Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге рейстерді орындай беретінін мәлімдеген еді. Ал Ресейдің басқа қалаларына «өндірістік себептерге» байланысты ұшпайтынын айтты.

«Өкінішке қарай Air Astana Ресей Федерациясына және оның аумағы үстінен коммерциялық ұшулардың сақтандыру өтемінің тоқтатылуына байланысты бұл бағыттағы барлық рейс тоқтатылатынын хабарлайды», – делінген хабарламада.

Әуе компаниясы рейстерді тез арада жандандыру үшін бұл мәселені Қазақстан үкіметімен бірлесіп шешіп жатыр.

Компания тоқтатылған рейстерге билет алып қойған жолаушылардан оны сатып алған жерге жүгінуді өтінді. Билет ақшасы толық көлемді қайтарылады.