Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданына жұмыс сапарымен барды.

JANA-Qazaqstan. Алдымен Леңгір қаласындағы І мөлтек ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасымен құрылысы аяқталған 20 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үйлердің пәтер кілтін тұрғындарға салтанатты түрде тапсырды. Атап айтсақ, халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 60 отбасы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 3 адам, көпбалалы отбасылар санатындағы 57 отбасыға пәтер берілді. Жалпы 120 отбасы тұрғын үймен қамтылды.