Иорданияның Амман қаласында бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігі болып жатыр. Жасөспірімдер арасындағы бәсекеде 4 спортшымыз, сонымен қатар қыздар арасындағы сында 2 спортшымыз чемпион болды.

JANA-Qazaqstan. Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, сонымен қатар Қазақстан командасының еншісінде ерлерден 5 қола, қыздардан 5 қола жүлде бар.

Ерлер арасындағы финалдық кезең нәтижесі:

Айдар Қадырхан (52 келі) – Суннатилла Өктамәлиев (Өзбекстан) – 5:0.

Төрехан Сабырхан (57 келі) – Фаррух Тулағанов (Өзбекстан) – екінші раундта техникалық жеңіс

Ахмет Үсен (63 келі) – Қожаакбар Кудратов (Өзбекстан) – 5:0.

Санжар-Әли Бегалиев (66 келі) – Алиреза Моусави (Иран) – үшінші раундта техникалық жеңіс

Мұхаммед-Әли Жанболат (75 келі) – Темурбек Абдувахобов (Өзбекстан) – 0:5.

Аслан Елдібайұлы (+80 келі) – Озод Бекалиев (Өзбекстан) – 0:5.

Қыздар арасындағы финалдық жекпе-жек нәтижесі:

Карина Тоқыбай (50 келі) – Вини (Үндістан) – 0:5.

Ұлдана Таубай (60 келі) – Никита Чанд (Үндістан) – үшінші раундта техникалық жеңіліс

Нұрсұлу Сүйенәлі (63 кеі) – Шрушти Сачин Сате (Үндістан) – екінші раундта техникалық жеңіліс

Аружан Жанғабаева (66 келі) – Нуха Ал-Зоуби (Иордания) – бірінші раундта техникалық жеңіс

Роксолана Валиева (70 келі) – Ойша Тоирова (Өзбекстан) – екінші раундта техникалық жеңіліс

Шұғыла Нәлібай (75 келі) – Рудрика (Үндістан) – 0:5.

Құралай Егінбайқызы (80 келі) – Хуши Пуния (Үндістан) – 4:1.