Тиісті шешімді Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шығарды.
JANA-Qazaqstan. Бұл туралы елордалық соттың сайтында хабарланды.
2022 жылдың 15 наурызында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Сатыбалдыұлы Қайратқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілуге ​​жатпайды