Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Өскеменде Тарбағатай ауданының 32 жастағы тұрғынының көлігін тексеру барысында тиісті құжаттары жоқ бірнеше қап балықты анықтады. Ол балықты Жарма ауданынан әкеле жатқан.

JANA-Qazaqstan. Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, қаптарда 905 кг көксерке, 30 кг шортан, 29 кг сазан, 119 кг табан және 30 кг торта балығы бар екені анықталды. Балықтың жалпы салмағы 1 113 кг болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі «Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов