Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында кезекті эксперимент жүргізген. Бұл туралы ол Instagram парақшасында мәлімдеді.
JANA-Qazaqstan. «Операторлардың жұмысын бақылап тұрмын. Операторлар бірдеңені талқылап жатыр. Тұрғандар керекті анықтамаларын тез алғандарына мәз», – деп жазды Бағдат Мусин Instagram-да.