Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Рәпіл Жошыбаевпен кездесуінде Қырғызстан азаматтарының мемлекеттік шекарадан кедергісіз өтуін қалпына келтіру мәселесін жеделдетуді сұрады.
JANA-Qazaqstan. Мәселенің мәні жерүсті жол бақылау бекеттері туралы болып отыр. Айта кетейік Қырғызстан азаматтары Қазақстанға тек әуе арқылы кіре алады. Ал біздің өз азаматтарымыз шекарадағы өткелдерден кедергісіз өтеді.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қырғыз-қазақ қатынастарының кең ауқымды өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады. Министр Қазақбаев қазақстандық тараптың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында 1000 тонна элиталық бидай тұқымы түрінде көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін ризашылығын білдірді.
Дипломаттар арасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға алдағы ресми сапары және Бішкекте өтетін Қырғыз-Қазақстан Үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы да талқыланды.
Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты тараптар қақтығысты тек саяси-дипломатиялық жолмен тез арада реттеу қажеттігі туралы бірауыздан пікір білдірді.