Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Е.Баттақов бағаны тұрақтандыру бойынша шаралар қабылданып жатқанын айтты.
JANA-Qazaqstan.«Бағаны тұрақтандыру құралдарын жетілдіру мақсатында жаңа тәсілдерді әзірлеп жатырмыз. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың сатып алу көлемін ұлғайтып, үш бағыт бойынша тауар бөлінісінде азық-түлік сатып алуды ұсынамыз.
- Бірінші: ұзақ мерзімді сақтау тауарларын тұрақтандыру қорына тікелей және форвар сатып алуы арқылы сатып алу жүргізуді ұсынамыз.
- Екінші: «айналым схемасы» шеңберінде көкөністерді, етті, сүт өнімдерін және күнбағыс майын сатып алу жүргізіледі.
- Үшінші: ұн, нан және рожкилер өндірісін арзандату үшін бидайды «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ арқылы сатып алу ұсынылады», – деді