Ақтау тұрғындары ер адамның әрекетін видеоға түсіріп алған. Куәгерлердің айтуынша, ол алдымен иттерге тас лақтырып, кейін көлікке отырған. Сөйтіп, оларды әдейі көлікпен қағып кетуге тырысқан.

JANA-Qazaqstan. Оқиға 17 наурызда шамамен 16.30-да 1-шағынаудан жағалауында болған.»Оны барлық әкімшілік бап бойынша жауапқа тартады деп үміттенеміз. Ер адам көліктен шығып, иттерге тас лақтыра бастады, содан кейін қайта көлікке отырды да, әдейі қағып кеткісі келді. Оны видеоға түсіріп жатқанымызды көрген соң, бізді балағаттай бастады», – деді Ақтау тұрғындары.

Қазір патрульдік полиция қызметкерлері тәртіп бұзушының кім екенін анықтады. Қазір ол жауапкершілікке тартылып жатыр. Қабылданған шешім туралы ақпарат қосымша хабарланатыны айтылды.