Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне субсидия беру жұмыстарын жариялап отыру қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты

JANA-Qazaqstan.«Қазіргі болжам бойынша кейбір өңірлерде жауын-шашын аз болуы мүмкін. Сондықтан да қажетті шешімдер қабылданды. Сумен қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауда ұстау қажет. Біз былтырғыдай мал азығының тапшылығына жол бермеуіміз керек. Биыл әкімдіктерге жем-шөп егіс алқаптарын ұлғайтуды тапсырамын», – деді Ә. Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, егіс жұмыстарының барысы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің жеткілікті қоры туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер халықты кеңінен хабардар ету керек.

«Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне субсидия беру жұмыстарын да жариялап отыру қажет», – деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарының құрылуы жергілікті тұрғындардың проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.