Өскемен қаласында Балалар жылына орай «Қылқаламдағы көктем лебі» атты сурет көрмесі ашылды.
JANA-Qazaqstan.А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстандағы Балалар жылы аясында «Қылқаламдағы көктем лебі» атты сурет көрмесі ашылды. Онда ҚР Суретшілер одағының мүшесі Құдаш Нұрсадықов жетекшілік ететін балаларға арналған «Сурет» бейнелеу өнері студиясына қатысушылардың еңбектері көпшілік назарына ұсынылды.