Құрамына Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь және Қырғызстан кіретін Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері жеке тұлғалардың шетелдік интернет-дүкендерде бажсыз сауда жасау шегін 200-ден 1000 еуроға дейін арттыруға келісті.
JANA-Qazaqstan. «ЕЭК кеңесі (Еуразиялық экономикалық комиссия) Ресейдің бажсыз сатып алу шегін ұлғайту туралы ұсынысын мақұлдады. Сәлемдеменің салмағына қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады. Яғни, 31 келіден аспайды. Қабылданған шешім 2022 жылдың 1 қазанына дейін жарамды», – делінген хабарламада.
РФ үкіметінің хабарлауынша, бұл шешім қарым-қатынастары дұрыс емес мемлекеттердің шектеулеріне қарамастан, азаматтардың керекті тауарларына қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
«Адамдарда таңдау мүмкіндігі болғаны маңызды. Бажсыз шекті көтеру азаматтарға шетелдік интернет-дүкендерде сауда жасауға мүмкіндік береді, олардың кейбіреулері «Мир» картасымен төлем қабылдайтыны тіпті ыңғайлы», – деді Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин.
ЕАЭО елдері 2018 жылдан бастап бажсыз шекті төмендете бастады, сол кезде азаматтар бір ай ішінде шетелдік интернет-дүкендерден 1000 еуроға дейінгі және салмағы 31 келіге дейінгі сомаға бажсыз сауда жасайтын.
2019 жылдан бастап бір ай ішінде 500 еуроға, 2020 жылдан бастап 200 еуроға дейін төмендеді,