Шымкентте өндірістік кооператив атын жамылған қаржы пирамидасы анықталды.
JANA-Qazaqstan.ҚМА мәліметінше, қаржы пирамидасы GAP кооперативі ретінде жеке тұлғалардан үй немесе көлік сатып алуға көмектесуді ұйымдастырған. Сенгіш азаматтармен тұрғын үй немесе көлік сатып алуға ақшалай көмек көрсету туралы келісім жасаған күдіктінің кім екені анықталды.
Бұл жайт ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша тіркелді.
Осы жайтқа байланысты Түркістан облысының полицейлері азаматтарға күмәнді уәделерге сенбей, барынша қырағы болу керектігін ескертеді.