Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан аумағынан дәрілік препаттарды шығаруға тыйым салатын бұйрық жобасын әзірледі.

JANA-Qazaqstan. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

«Кез келген формадағы дәрілік заттарды, соның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдар мен сурдотифлотехниканы қоса алғанда, медициналық бұйымдарды, сондай-ақ олардың өндірісіне қажетті материалдар мен құрамдас бөлшектерді шығаруға алты ай мерзімге тыйым салынады», – делінген құжатта.

Тыйымның мына тауарларға қатысы жоқ:

Қазақстан аумағынан тыс басталатын және аяқталатын транзиттік тасымалдармен тасымалданатын тауарлар;

пациенттердің тапсырысымен тек жеке пайдалану мақсатында дайындалған медициналық бұйымдар;

шет елдерге халықаралық гуманитарлық көмек көрсету үшін жөнелтілген тауарлар;

бөлшек сауда аясында жеке пайдалану мақсатында әкелінген және сатып алынған тауарлар;

МӘМС жүйесі бойынша немесе кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында алынған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар;

көрме өткізу үшін одан әрі сату құқығынсыз көрмеге қойылатын дәрілер мен медициналық бұйымдар үлгісі;

клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер немесе сынақтар өткізу үшін түскен үлгілер;

денсаулық сақтау ұйымдарында оларды қолдану жерінде дайындалған радиофармацевтикалық дәрілік препараттар;

мемлекеттік тіркеудегі сараптама жүргізуге арналған үлгілер;

пациенттің немесе оған таңдалған донордың аутологиялық биологиялық материалдарын пайдаланып жеке қолдану үшін өндірілген жетекші терапияның дәрілік заттары;

ЕЭО кеден аумағына келген көліктердің жолаушылары мен экипаж мүшелерін, пойыз бригадалары мен жүргізушілерін емдеуге арналған дәрі-дәрмек;

халықаралық мәдени, спорт шаралары мен халықаралық экспедици қатысушыларын емдеуге қажетті дәрілік заттар.

Бұйрық жобасы 6 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.