Тоқаев Паралимпиада ойындарының қола жүлдегерін «Құрмет» орденімен марапаттады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері мен жаттықтырушыларды мемлекеттік наградамен марапаттады.
JANA-Qazaqstan. Бейжің қаласындағы (Қытай Халық Республикасы) XIII Қысқы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін «Құрмет» орденімен наградталды:
Герлиц Александр Александрович – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ спортшыcы.
Жданович Антон Владимирович – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ аға жаттықтырушысы.
Коломиец Василий Сергеевич – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ бас жаттықтырушысы.
XIII Қысқы Паралимпиада ойындары 2022 жылы 4-13 наурыз аралығында Бейжіңде өтті, оған 50 елден 700-ден астам спортшы қатысты. Бір қола медальмен Қазақстан құрамасы 17-орыннан көрінді.