2021 жылы Қазақстанда сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін 892 шенеунік сотталды. Бұған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық баяндамасының деректері дәлел.

JANA-Qazaqstan.«Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін 892 адам сотталды. Олардың ішінде: ішкі істер органдарынан – 207, әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінен – 150, оның ішінде әкімдер – 5, Қаржы министрлігінен – 34, Ауыл шаруашылығы министрлігі – 19, Денсаулық сақтау министрлігі – 16, ұлттық қауіпсіздік – 10, экономикалық тергеу қызметі – 4, прокуратура – ​​3, судьялар – 3», – делінген хабарламада.

Ведомство сыбайлас жемқорлық қылмыс құрылымында пара алу үлесі жылдан-жылға артып келе жатқанын атап өтті.

«Егер 2015 жылы бұл қылмыстың үлесі 3 пайыз болса (2 733-тен 895), 2021 жылы 67 пайыздан асады (1 557-ден 1053)», – деді ведомство.