Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматыдағы Оқушылар сарайына сыйлық ретінде жаңа мектеп автобусы берілді.

JANA-Qazaqstan.Ведомство мәліметінше, онда балаларды түрлі конкурсқа, жарыстар мен фестивальдарға апару жоспарланған.

«Автобус барлық заманауи талапқа сай және жүру үшін ыңғайлы, соның ішінде әртүрлі ауа-райы жағдайында алыс қашықтыққа сапар шегуге арналған. Ауаны реттеу және жылыту жүйелерінен басқа, автокөлік 4 бейнебақылау камерасымен, аялдама туралы жүргізушіні хабардар ету батырмасымен, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пандуспен жабдықталған», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Оқушылар сарайына сапары барысында Президент Алматы әкімдігіне 2023 жылдың 15 желтоқсанына дейін Оқушылар сарайының обсерваториясын жаңғырту аясында заманауи кәсіби телескоп орнатуды тапсырды.