Қарағанды облысындағы Саран шахтасындағы кеншінің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

JANA-Qazaqstan.Мамандар тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидалары бұзылған болуы мүмкін деп отыр.

Еске салсақ, аталған шахтада апат салдарынан 56 жастағы кеншінің денесі табылғанын айтқан болатынбыз. Тергеу жалғасып жатыр.

Сондай-ақ кәсіпорында арнайы құрылған комиссия тексеріс жұмыстарын бастап кетті.