EMI GALA Fashion Awards: Димаш Құдайберген ең үздік жұлдыз атанды.
JANA-Qazaqstan. Әншіге «Халықаралық деңгейдегі ең үздік жұлдыз» деген атақ берілді.
Марапаттау сәтінен бейнежазба Димаштың әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланды. Жүлде тапсыру салтанатына музыканттың отбасы да қатысқан. Димаш бұл жолғы марапатын әжесіне арнап, оны сахнаға шақырып, өз қолымен тапсырды.