Қазақстандық Рината Сұлтанова Тәжікстанда өткен шосседегі велоспорттан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
JANA-Qazaqstan.Сұлтанова жекелеген жарыста үздік атанды. Велошабандоз 24 шақырым қашықтықты 33 минут 24,632 секундта еңсеріп, әйелдер арасындағы элиталық санаттағы үздік уақытта келді.
Осылайша Рината Сұлтанова шосседегі велоспорттан Азия чемпионы атағын жеңіп алған тұңғыш қазақ шабандозы атанып отыр.