Біріккен Ұлттар Ұйымы Украинада 1 119 тұрғынның мерт болғанын мәлімдеді. Сонымен қатар босқындар бойынша да деректер ұсынды.

JANA-Qazaqstan. Адам құқығы бойынша кеңесте ұсынылған деректерге сәйкес, тағы 1800 адам жарақат алды, олардың 100-ге жуығы балалар.

Тұрғындардың басым бөлігі ауыр артиллерия мен реактивті жүйелер шабуылынан қаза тапқан. Кеңесте мерт болғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтылды. Себебі атыс жүріп жатқан кей аймақтардан ақпарат кеш жетеді екен.

Cонымен қатар Украинадан кеткен босқындар саны 3 миллион 800 мыңға жеткен. Олардың 2 милионнан астамы Польшаға, 600 мыңға жуығы Румынияға, 400 мыңға жуығы Молдоваға кеткен.