28 наурызда таңертең Алматы облысының аумағында жер сілкінісі болды.
JANA-Qazaqstan. «2022 жылдың 28 наурызында Алматы уақытымен 06.32-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 112 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан», – делінген Қазақстан сейсмологиялық қызметінің сайтында.
Жер сілкінісінің энергиялық класы – 10.4. MPV магнитудасы 4.9. Тереңдігі 30 шақырым. Қанша баллға сезілгені туралы мәлімет әзірге жоқ.