2022 жылғы 17 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұрын қабылданған жарлықтарға өзгерістер енгізу туралы жарлыққа қол қойды.
JANA-Qazaqstan. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасының штаттық саны 140-тан 110 адамға дейін қысқартылды.
Керісінше Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің штат саны ұлғайтылды. Бұрын 267 адам тіркелген болса, қазір штат саны 352 адамға артты.
Сондай-ақ жаңа редакцияда мына мәселе қамтылған:
- Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереже.
- Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ереже.