Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Уәлиді президенттің баспасөз хатшысы қызметінен босату туралы Өкімге қол қойды.

JANA-Qazaqstan. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жазылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды, – делінген Өкім мәтінінде.

Ол «Хабар агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы қызметін 2019 жылғы 22 наурыздан бастап атқарып келген еді.