Түркістан облысында контрафактілік алкоголь өнімдерін шығаратын астыртын цехтар анықталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

JANA-Qazaqstan.«Қаржы мониторингі агенттігінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 3 мыңнан астам бөтелке, 3500-ден астам есепке алу-бақылау таңбалары, бір тоннадан астам алкоголь өнімі, танымал арақ маркаларының этикеткалары, орау материалдарын тапты. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Ведомство алкоголь өнімдерінің негізгі бөлігі жасырын цехтарда көбінесе антисанитариялық жағдайда дайындалатынын атап өтті.

«Бұл әсіресе тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіпті», – деп атап өтті ведомстводағылар.