АҚШ газ бағасын төмендету және елдегі инфляциямен күресу үшін стратегиялық қордан күніне 1 млн баррель мұнай бөліп отырады.
JANA-Qazaqstan. Байден әкімшілігі таратқан ақпаратқа сәйкес, АҚШ президенті алдағы алты ай бойы стратегиялық қорға қол салмақ. Себебі отандық өндірушілер газ өндіруді арттырып жатыр.
«Мұның ауқымы теңдесіз: әлемде мұндай уақыт аралығында күніне 1 миллион баррель мұнай қорын шығару ешқашан болған емес. Осы рекордтық мұнай шығару тарихи көлемге қол жеткізіп, жылдың аяғына дейін ішкі өндіріс жанданғанша жағдайды ұстап тұруға мүмкіндік береді», -делінген Ақ үйдің баспасөз релизінде.
Айта кетейік, бейсенбі күні мұнай бағасы төмендеді. Brent маркалы мұнайдың мамыр айына фьючерстері 4%-ға, барреліне 108,89 долларға дейін арзандады.
Америка мұнайы да арзандап, кешегі сессия барысында 100,16 доллар деңгейінде сатылды. Бұл мәдімдемені Ақ үй Ресейдің Украинадағы арнайы операциясына байланысты энергия көздерінің күрт қымбаттауына қарсы амалдар қарастырып жатқан кезде жасады.
Геосаяси жағдай ушыққан сайын мұнай мен табиғи газ бағасы көтеріліп, олардың қолжетімді болуы алаңдатып отыр. Шикі мұнай бағасының өсуі АҚШ-та бензиннің қымбаттауына әкеп соқтырды. Бір галлон бензин бағасы 4,23 долларға жетті, бір жыл бұрын ол 2,87 доллар тұрған еді. Бұл барлық тауарлардың қымбаттауына, жылдық инфляцияның 7,9% дейін көтерілуіне алып келді.
Wells Fargo Securities энергетика жөніндегі аға сарапшысы Роджер Ридтің айтуынша, Байден жоспарлап отырған стратегиялық қордан алынатын көлем күнделікті әлемдегі мұнай өндірісінің 1% және АҚШ тұтынатын мұнайдың 5%-ын құрайды.