Желіде Қазақстанның орталығында Ресей әскері орналасқандығы туралы ақпарат таратылып жатыр. ҚР Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
JANA-Qazaqstan.Басылымның мәліметінше, әлеуметтік желіде Қостанайда ресейлік әскери техника жүргені туралы хабар тараған.
Қорғаныс министрлігі Желіде жарияланған бейнежазбада Байқоңырдың іздестіру-құтқару командаларын қамтамасыз ету бөлімшесінің Ресейдегі тұрақты орналасу пункттеріне кеткені көрсетілгенін атап өтті.
«Бөлімше Қостанай облысының Арқалық ауданына қонған ғарышкерлер капсуласын іздеу мақсатында ағымдағы жылдың 14 наурызынан бастап Қазақстанда болды», – делінген ведомство хабарламасында.