Бүгін Қарағандыда Костенко атындағы шахтада 36 жастағы кенші қаза тапты.
JANA-Qazaqstan.Оқиға себебін арнайы комиссия анықтап жатыр. Костенко атындағы шахтада ұңғыма төбесі құлаған. Оқиға салдарынан мердігер ұйымның 36 жастағы тау-кен жұмысшысы қаза тапты. «Бүгін Костенко шахтасында жазатайым жағдай салдарынан УСМ мердігер ұйымының қызметкері (1986 жылы туған) көз жұмды. Мемлекеттік комиссия құрылды, оқиға тергелуде», – деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінде.