Оскар» жүлдесін тапсыру салтанатында жүргізуші Крис Рокты ұрып жіберген Уилл Смит Америка кинематографиялық өнер және ғылым академиясынан шығатынын мәлімдеді.
JANA-Qazaqstan.Уилл Смит пен Крис Рок арасындағы келеңсіздіктен кейін аталған ұйым актердің тәртібі қаралатынын жариялаған болатын. «Смит Академияның тәртіп стандарттарын бұзды. Біз оның мәселесін 18 сәуірге жоспарланған директорлар кеңесі отырысында қараймыз», – деген еді Академия президенті Дэвид Рубин.
Мұнан соң актер ұйым құрамынан өз еркімен шығатынын және басқарма қабылдаған кез келген шешімді қабылдайтынын мәлім етті. «Оскардың» 94 салтанатындағы қылығым жаға ұстатарлық болды. Кешірілмейтін жайт. Крисқа ғана емес, оның отбасына, менің көптеген достарым мен жақындарыма, салтанатқа, ауқымды аудиторияға ауыр тиді. Академияның сенімін ақтамадым. Жетістіктерімен көзге түскен өзге номинанттардың мерекелік көңіл күйін бұздым», –дейді ол.