Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылында 60-тан астам үйді су басты.

JANA-Qazaqstan.БҚО ТЖ департаментінің жедел штабы мәлім еткеніндей, қардың күрт еріп, жауын-шашын түсуіне байланысты Жәнібек ауданында 2 сәуір күні сағат 23.00-ден бастап екі ауылға су кірді.

Жақсыбай ауылында 62 үй суға кетті. Жергілікті атқарушы органдар және шекара қызметі күшімен 637 адам эвакуацияланды. Соның 305-і (89-ы – балалар) М.Ықсанов атындағы мектеп-балабақша кешені ғимаратына, 332-сі (70-і – балалар) жақын-жуықтарының үйлеріне орналастырылды.