Үш тәулік бойы Ақтау тұрғындары ауыз су тапшылығын көрді. Су қоймасындағы су жеткіліксіз болуына байланысты бүкіл қала мен Приморский кенті ауыз сумен қамтамасыз етілмеді.

JANA-Qazaqstan.Ақтау тұрғындары дабыл қақты. Былтыр жазда қаланы сумен қамтамасыз етуге байланысты ақау шыққан. Бірақ ол кезде бүкіл қаладағы су өшірілмеген.

«Олар 1 сәуірде өшіретіндері туралы алдын ала ескертсе, бұл жолы ештеңе айтқан жоқ. Үйімде бір грамм ауыз су жоқ. Не істеуіміз керек? Не болып жатқанын түсінгіміз келеді», – дейді төртінші шағынаудан тұрғыны Ксения Сәлімова.

«МАЭК Қазатомөнеркәсіп» ЖШС баспасөз қызметі мәліметінше, ауыз су өшірілуі орталық сумен жабдықтау торабы-2 су қоймаларындағы төмен деңгейге байланысты болып отыр.

«Биыл 3 сәуірде сағат 22.00-ге дейін Ақтауға ауыз су беру орталық сумен жабдықтау торабы-2 су қоймаларындағы төмен деңгейге байланысты тоқтатылды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Тұрғындардан жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деді компанияның баспасөз қызметі өкілі.

Бұған дейін, 31 наурызда 1 сәуірде жоспарлы аттестация өткізіліп, таңғы 8-ден кешкі 6-ға дейін ауыз су болмайтыны туралы хабарлама жіберілген. Алайда белгіленген уақытта қаланың барлық тұрғыны сумен қамтамасыз етілмеген.

«Ауыз су қысымы жоғарылауына байланысты орталық сумен жабдықтау торабы-3 ауданындағы құбырда жарылыс болды. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді баспасөз қызметі өкілі.

2 сәуірде таңғы сағат 10-да қаланы сумен жабдықтау толық қалпына келтірілген. Халық арасындағы үрей «Қазатомөнеркәсіп МАЭК» Ақтау мен жақын маңдағы елді мекендерді сумен, жылумен және электр қуатымен қамтамасыз ететін жалғыз кәсіпорын болуына байланысты туындаған.

.