Бүгін Қарағанды медициналық орталығына барлық шұғыл қызметтер жиналды. Ғимаратта күдікті пакет табылды.
JANA-Qazaqstan.4 сәуірде сағат 9.05-те Қарағанды қаласы ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің кезекші бөліміне Мұқанов көшесіндегі облыстық медициналық орталықта қол жуғыш шұңғылшаның астынан скотчпен оралған зат табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
4 сәуірде сағат 9.05-те Қарағанды қаласы ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің кезекші бөліміне Мұқанов көшесіндегі облыстық медициналық орталықта қол жуғыш шұңғылшаның астынан скотчпен оралған зат табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Полиция қызметкерлері табылған затты – түймелі ұялы телефонды, оған арналған қуаттау құрылғысын қарап шықты. Сағат 10.00-де дабылды тоқтату туралы белгі берілді. Қазіргі уақытта медициналық орталық қалыпты режимде жұмыс істеуде.