Оңтүстіккореялық танымал «Игра в кальмара» телехикаясының режиссері әрі сценарисі Хван Дон Хек сериалдың жаңа маусымы 2024 жылдың аяғында шығуы мүмкін екенін айтты.
JANA-Qazaqstan.Хван Дон Хек екінші маусымға арналған сценарийдің үш парағын жазып үлгергенін айтты.
«Екінші маусым бойынша жұмыс істеуім керек. Бәрі ойдағыдай болса, 2024 жылдың аяғына дейін көрсете аламыз деп үміттенемін», – деді режиссер.
Еске салайық, бұған дейін «Игра в кальмара» сериалының сценарий авторы әрі режиссері Хван Дон Хек Лос-Анджелестегі іс-шара кезінде сериалдың екінші маусымын күтіп жүргендерге үндеу жасаған болатын.
Айта кетейік, оңтүстіккореялық «Игра в кальмара» телехикаясы – Сеулде өмір сүре алу туралы триллер. 456 адам көп ақша ұтып алу мүмкіндігі бар балалар ойындарын ойнайды. Бірақ жеңілсе, өмірімен қош айтысады.