Ақтауда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

JANA-Qazaqstan.Жасөспірімнің туыстары қыз кеше, 4 сәуірде сағат 14.30-да 13-шағынаудан, 50Б мекенжайынан шығып, оралмағанын айтты.

Қыз қызыл күртеше, қара шалбар және ақ кроссовка киген.

Полиция мәліметінше, басқарманың жеке құрамы мен еріктілер іздестіру жұмыстарына жұмылдырылған.

Қыздың туыстары 8 708 946 20 89 нөміріне хабарласуды сұрайды. Құқық қорғау органдарына «102» телефоны арқылы хабарласуға болады.