Ақтөбеде жүк көлігінің жүргізушісі 57 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.
JANA-Qazaqstan.Оқиға 4 сәуірде «Анвар» гипермаркеті тұрағында болған. Mercedes Benz Actros 2541 жүк көлігінің 64 жастағы жүргізушісі маневр жасамас бұрын қауіпсіздікке көз жеткізбей, көлік пен тіркеме арасында тұрған 57 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Зардап шеккен адам Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған.
Қазір осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды