Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары заңсыз балық аулаумен айналысқан Үтіртөбе ауылының тұрғындарын құрықтады. Брокеньерлерден қырық бес келіден астам балық пен қытай торлар тәркіленді.
JANA-Qazaqstan. Брокеньерлерден 40 келі сазан, 4,2 келі дөңмаңдай, 0,5 келі көксерке балықтары және моноталшықтан жасалған полиамид-полимерлі қытай ау торлары табылды.Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Аталған дерек Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция бөлімінде тіркелді

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.