9 сәуір күні Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді. Оған коммуналдық қызметтердің 2000-нан астам қызметкері қатысады.
JANA-Qazaqstan. Қала әкімдігі таратқан ақпарат бойынша, қысқы кезеңнен кейін қала аумағын, рекреациялық аймақтарды, саябақтарды, скверлерді, аулаларды, сондай-ақ сауда объектілеріне, қоғамдық тамақтану орындарына және басқа да ұйымдарға іргелес аумақтарды тазарту жоспарлануда.
Жаппай ағаш отырғызу да жоспарда бар.
Қала аудандары бойынша сенбілік өтетін орындар:
- Алатау ауданындағы «Сосновый бор» экопаркінде жаппай ағаш отырғызу және іргелес жасыл аймақтардағы аумақты жинау жоспарланған.
- Алмалы ауданында сенбілікті Сайран көлінің шығыс жағалауында жаппай өткізу жоспарланған.
- Әуезов ауданында – Сайран көлі мен Үлкен Алматы өзенінің батыс жағалауында Жандосов көшесінің оңтүстігінде.
- Бостандық ауданында – Абай даңғылының бөлу жолағы бойынша.
- Жетісу ауданында – Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының бойында.
- Медеу ауданында – «Восточка» ТК артындағы Казачка өзенінің, Д. сҚонаев атындағы Үлкен Алматы каналының бойында, ШААЖ-нан Диваев көшесі бойымен «Таулы қырат» кентіне дейін.
- Наурызбай ауданында – Қарғалы өзені аумағындағы Абай даңғылы және Байбақ батыр көшесінің солтүстігіндегі Қарғалы өзенінің айналасы.
- Түрксіб ауданында – Петрозаводская және Майлин көшелеріндегі жыралардың бойы.
Қалада сенбілік 19 наурызға жоспарланған. Бірақ ауа райына байланысты кейінге қалдырылған болатын.