«Союз ТМА-М» кемесінің бортинженері, Роскосмостың сынақ ғарышкері Олег Артемьев ғарыштан Арал теңізінің қалай көрінетінін көрсетті.
JANA-Qazaqstan. Ғарышкер Арал теңізінің ғарыштан түсірілген бірнеше фотосын өзінің Telegram-дағы арнасында жариялады.
Фотода Орталық Азиядағы бұрынғы сусыз тұзды көл. Таяздау басталғанға дейін Арал теңізі көлемі жағынан дүниежүзіндегі төртінші көл болды, – деп жазды бортинженер Олег Артемьев.
Фотоларды көрген желі қолданушылары қызу пікір қалдырып жатыр. Олар теңіздің жақын арада жоғалып кетуі мүмкін екеніне өкінішін білдірді.
- «Сұлулық!»
- «Өте әдемі!»
- «Эмоцияларыңызға рақмет!»
- «Бұл өте керемет!»
- «Иллюминатордан түсірілгендей! Сұлулық!»
- «Арал теңізінің таязданып бара жатқаны өкінішті! Ал суреттер тамаша!»
- «Ол жоғалып барады… Жақында мүлдем кебеді…» деп жазды желі қолданушылары.
Бұған дейін Олег Артемьев Каспий теңізін түсіріп, ғарыштан Қазақстанға сәлем жолдаған еді.